Манеж жоқ, футболда жоқ
Қостанайдан Өскеменге дейінгі аралықтың барлығында ауа-райы күрт салқын. Аяз.
Осы жағдайда елімізде футбол қалай дамиды? Әрине, жастар жаттығу жасайтын манеждер керек. Ал осы аталған облыстарда ол бар ма? Жоқ. Барлығы да спорт залдарда кіші футбол ойнап жүр. Ал кіші футбол мен үлкен футбол екеуі екі түрлі спорт. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда үсті жабық футбол алаңы тек 2 ғана қалада салыныпты. "Қазақмыс" пен "Астана-Арена". Жыл сайын қыруар қаржыны легионерлерге бөлгенше футбол клубтары өздеріне неге футбол манеждерін салмайды.
3 ай қыста жасыл алаң көрмеген жастар ертең көктемде жасыл алаңды сезіне алмай жүретіні анық. Солтүстік аймақтардағы талантты жастардың үлкен футболға аяқ баса алмай жатқандығының бір себебі осы да шығар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или