Босния бапкері тек телефонмен басқарады
Босния және Герцеговина құрамасының бас бапкері Мехмед Баджерович 2 ойынға шеттетілді. Себебі, ол өткенде Грекияға қарсы өткен ойында алаң жиегінде төрешілермен салғаласты. Соның түбі осындай шешімге әкеп тіреді. Енді ол жақын арада өтетін 2 ойында қосалқы құрам отыратын орындыққа жайғаса алмайды. Бірақ, трибунада отырып, телефон арқылы басқаруына рұқсаты бар. 25 наурыз күні Босния Гибралтармен ойнайды. Ол матчта бапкердің аса қатты керегі де болмас.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или