Куртуа «Реалға» ауысса орнына Облак келеді

Куртуа «Реалға» ауысса орнына Облак келеді

"Челси" командасының 24-жастағы қақпашысы Тибо Куртуа "Реалға" кетемін деп кердеңдеп жүр. Мадридтік клуб өкілдері жас бельгиялықтың аузын майлап қойса керек. Ұрты майланған Куртуа жазда ауысса, оның орнына "ақсүйектер" кімді алуы мүмкін. Басшылар оны да ойластырып қойыпты. "Челсидің" қақпасын ондай жағдайда "Атлетико" Мадрид қақпашысы Ян Облак қорғауы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или