БАҚ Лигасының үшінші тур ойындары аяқталды
БАҚ Лигасының үшінші тур ойындары аяқталды.
«Нұрлы гол» - «Жетісу»
Турдың алғашқы ойынында екі команда да тең дәрежеде ойнады. Командалар ойын соңына дейін өзара гол алмасып, бір ұпайдан бөліп алды.
«Нұрлы гол» - «Жетісу» - 4:4
Голдар: А. Ханкелдиев 7'; А. Найманбай 14', 18'; Е. Ержан 27' - А. Есенбаев 6'; А. Шедімбаев 9'; Д. Алтынбекұлы 17', 20'
Ескерту: Д. Алтынбекұлы, А. Есенбаев (екеуі де «Жетісу»); Н. Түсіпхан («Нұрлы гол»)
СДУ - «Болашақ»
СДУ командасы алғашқы минуттан басымдыққа ие болды. 3-ші минутта есеп ашып, алға шыққан болатын. Кейін доп айырмашылығы тек еселене түсті. «Болашақ» екі рет есепті қысқарта алған. Бірақ, ол ұпай алуға жеткіліксіз болып шықты. Қорытынды есеп - 5:2.
СДУ - «Болашақ» - 5:2
Голдар: А. Келгенбай 3', 9', 25', 34'; Б. Әмірбек 30' - Ә. Бағдад 19', 21'
Ескерту: Т. Жұмахан («Болашақ»)
«Алматы» - Prosports
Турдың орталық матчы осы екі ұжым арасында өтетіні анық болған. Ойын тартысқа толы болғанымен, голға жомарт болмады. Алғашқы таймда Prosports бір голмен алда болатын. Екінші таймның басында «Алматы» есепті теңестіріп кетті. Бірақ көп ұзамай Prosports тағы бір гол соғып, біріншіліктегі екінші жеңісіне жетті.
«Алматы» - Prosports - 1:2
Голдар: Дархан Келбетов 25' - Д. Кәрібаев 9', 26'
Ескерту: Дархан Келбетов, Талғат Көжебаев (екеуі де «Алматы»); Дулат Кәрібаев (Prosports)