БАҚ Лига. «Ұлттық арна» «Қаламгерден» ұтылып қалды
БАҚ Лиганың үшінші тур ойындары өтіп жатыр.
«Қаламгер» бірінші минутта-ақ алға шықты. Турнирдың үздік сұрмегендерінің бірі Қасымберкебаев командасын алға шығарды. Араға жеті минут салып «Ұлттық арна» есепті теңестіріп кетті. Матчта екі команда алма-кезек гол соғып, тең дәрежеде ойын көрсетті. Дегенмен, ойынның нүктесін «Қаламгер» қойып, үш ұпай алды.
Ойын соңында «Қаламгердің» ойыншысы Срайл Смайл турнир жайлы өз ойымен бөлісті.
«Біздің командада бұрыннан келе жатқан тілшілер ойнайды. Қарсылас команда да жақсы ойнады. Осындай лиганың ашылғанына қуанамыз. Бұл журналистер үшін мереке. Тек турнир ғана емес, ойыннан соң да әріптестермен кездесіп, шүйіркелескен де көңілге жағады. Тек алаңда ойыншылар саны бір адамға қысқарса, ойын тәртібі де жиі бұзылмас еді», - деп қайырлы С. Смайл.
«Ұлттық арна» - «Қаламгер» - 3:4
Голдар: М. Ынтымақбай 8'; А. Бектен 35'; М. Тәжібаев 37' - Қасымберкебаев 1', 15', 20', 33'
Алаңнан қуылды: Аман Тасыған («Ұлттық арна»)