Нөсербаев «Астанадан» кетеді

Нөсербаев «Астанадан» кетеді

«Астананың» капитаны Таңат Нөсербаев елордалық клубтан кетті.

Ел чемпиондарының басшылығы Нөсербаевты еркін агент ретінде жіберді, енді ол 217 жылы басқа клубта ойнайды. <br />Астаналықтардың бас менеджері Саят Хамитжановтың айтуынша, Таңаттың өзі отбасымен бірге оңтүстікке жақын болғысы келген.

«Таңат «Астананың» аяққа тұруына, біздің табыстарымыз бен жеңістерімізге үлкен үлесін қосты. Оның клуб капитаны және көшбасшысы ретінде рөлін бағалау қиын, себебі Таңат бізбен алты маусым ойнады, бұл клубымыздың Қазақстан ұжымдары ішінде көшбасшы атана бастаған кезі еді. Нөсербаев еліміздегі ең үздік футболшылардың бірі және құрама көшбасшыларының бірі деп айтуға болады. Таңаттың өзі отбасымен бірге оңтүстікке жақын өмір сүргісі келді, келісім-шартымызға қарамастан, Нөсербаевты жібереміз деп шештік. Таңаттың клубқа қосқан үлесін ойлап, Нөсербаевты еркін агент ретінде жібереміз», - деді Хамитжанов.

«Астана» сапында Нөсербаев Қазақстан чемпионаты мен кубогында 171 матчқа қатысып, 51 гол мен 24 нәтижелі пастың авторы атанды.

Еуропалық кубоктарда 24 рет алаңға шығып, 3 гол соқты. «Астанамен» бірге УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде ойнады.

«Астанамен» қол жеткізген жетістіктері:

Үш дүркін Қазақстан чемпионы (2014, 2015, 2016).<br />Қазақстан кубогының екі дүркін иегері (2012, 2016).<br />Қазақстан Суперкубогының екі дүркін иегері (2011, 2015).<br />«Астана» ФК тарихындағы үздік сұрмерген - 54 гол.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или