Қуат Хамитов: «Мен өлтіру үшін немесе өлу үшін барамын»
Қуат «Найман» Хамитов өзінің дебюті туралы айтып, әлем чемпионы атануға дайын екенін білдірді.
«Менің ойымша, дебют тамаша өтті! Мен жоспарлағандай болды. Қарсыласым қатты таңқалдырды! Оның мықты спортшы, әлем чемпионы екенін білгенмін, бірақ партердегі өнері... Бұл жігітке бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу беру керек деп ойлаймын.
Дәл қазір әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуым керек! WBK чемпионы FIGHT NIGHTS GLOBAL чемпионына қарсы. Мұны Қазақстанда 12 мыңдық «Алматы Аренада» өткізейік. Мен дайынмын!
Егер байқасаңыздар, мен жекпе-жек алдында жиі күліп, жігіттермен сөйлесіп, өзімді көңілді кешке келгендей ұстап жүремін. Бірақ мен масканы киген соң, бәрі өзгереді. Мен өлтіру үшін немесе өлу үшін барамын! Бұл соғысқа бара жатқан жауынгерлер сияқты, оның үстіне, көрермендер үшін де жақсы шоу болады», - деді Хамитов «FIGHT NIGHTS GLOBAL» тобына.