Арман Оспанов келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

Арман Оспанов келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

Alash Pride клубының «файтері» Арман Оспанов ережесіз жекпе-жектен америкалық WSOF ұйымымен келісімшартқа отырды. 

Бүгін белгілі болғандай, «Сұңқар» 25-ші ақпан күні Нью-Джерси қаласында өтетін WSOF 36 турнирінде өнер көрсетеді. Арманның қарсыласы - бұған дейін ешкімнен жеңілмеген америкалық Брюс Митчелл. «Жексұрын қараушының» (Митчеллдің лақап аты - Prosports) ММА-дегі көрсеткіші: 7-0.

Естеріңізге сала кетсек, самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов та ММА-де жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын.

Жерлесіміз жақын күндері жаттығу жұмыстарын өткізу үшін АҚШ-қа аттанады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или