ФИФА төрешінің тек команда капитанымен сөйлесе алатыны жайлы ережені талқылауда

ФИФА төрешінің тек команда капитанымен сөйлесе алатыны жайлы ережені талқылауда

FIFA-ның техникалық даму бойынша директоры  Марко ван Бастен футболшылар мен төреші арасындағы сөйлесу жайлы жаңа ереже қабылдануы мүмкін екенін айтты.

FIFA регбидің ережесін алуы мүмкін. Нәтижесінде, төрешімен тек команда капитаны ғана сөйлсе алады. Сонымен қатар, төреші де тек команда капитанымен ғана әңгіме жүргізе алады.

«Қазір көптеген футболшылар матч бойы төрешінің шешіміне дау айтып, келіспей жүреді. Ойыншылардың өзін-өзі ұстауы жақсаратынына сенімдімін. Біз осыны дұрыс жолға қою үшін ақылдасып жатырмыз. Төрешілерге көмектесіп, ойынның қызығын сақтап қалуымыз тиіс. Ойында эмоция көп және ол дұрыс та. Бірақ, біз оны бақылауда ұстауымыз керек. Біз басқа спорттан керегімізді алуымыз қажет. Олар да бізден қажеттісін ала алады. Бірақ, бұл мәселемен күресуді тоқтатпаймыз», – деді ван Бастен.

 

<footer class="news-item__footer">

 

</footer>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или