Ибра Моуриньоның көмекшісі болуы мүмкін

Ибра Моуриньоның көмекшісі болуы мүмкін

"Манчестер Юнайтед" командасы Златан Ибрагимовичке тағы бір тосын ұсыныс жасады. Келер маусымды швед шабуылшысы "қызыл сойқандар" сапында өткізгеннен кейін ол клуб структурасында қалуы тиіс. Яғни бапкерлік қызметпен айналысатын болады. Өздеріңіз білесіздер клуб Моуриньоны 10 жыл бойы бапкерлік қызметте қалдырғысы келеді. Сондықтан да, оған көмекші ретінде Златанды қалдырғысы келетінін де жасырмады. Олардың ойынша Ибра тамаша бапкер болуы мүмкін. Ол үшін көптеген факторлар алғышарт болып тұр. Тәртіп бқзып, жаттығуға жөнді қарамайтын аяқдопшыларды Златан сұсымен-ақ қорқытып тастайды. Клубтың ақсақалдар алқасы Златанды "қызыл сойқандар" қатарында ұстап қалудың осындай амалдарына баруда. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или