«Астананың» шабуылшысы Африка ұлттары Кубогына қатысады
«Астананың» шабуылшысы Джуниор Кабананга Конго ДР құрамасына шақырту алды. Естеріңізге сала кетейін, Конго ДР 2017 жылы өтетін Африка ұлттары Кубогының финалдық кезеңіне өткен болатын.
Конголықтардың бапкерлер штабы Джуниор құрама қатарына 31-ші желтоқсан күні Камерунда өтетін жиын кезінде қосылады деп жоспарлауда.
Айта кетейік, аталмыш турнир 2017 жылдың 14-ші қаңтары мен 5-ші ақпаны аралығында Габонда өтпек. Конго Демократиялық Республикасы Кот-д’Ивуар, Марокко және Того құрамаларымен бір топта ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или