«Лейпциг» 70 миллионға «Ред Булл-Аренаны» сатып алмақ

«Лейпциг» 70 миллионға   «Ред Булл-Аренаны» сатып алмақ

Осы маусымда Бунделиганы шулатқан «Лейпциг» клубы  «Ред Булл-Арена — Центральштадион» аренасының басшысы Михаэл Кёльмелмен стадионды сатып алу жөнінде келісімге келді, - деп хабарлайды  championat.com  Bild басылымына сілтеме жасап.

Германиялық клуб аренаны 2010 жылдан бастап жалға алуда. Қазір олар 70 млн евро төлеп, стадионның толыққанды иегері атанбақшы.  

Соынмен қатар,  2018 жылы  «РБ Лейпциг» стадионға қайта жөндеу жұмыстарын істеп,  44 345 көрерменге арналған стадионды 57 000 жанкүйер сиятындай етіп кеңейтпекші. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или