Аздрен Лулаку неге «Астананы» таңдағанын айтты
Румыниялық «Газ Метанның» шабуылшысы Аздрен Лулаку трансфер уақыты басталған соң ресми түрде «Астананың» ойыншысы атанады. Форвард елордалық клубқа ауысуы туралы пікірін жазды.
- Шынымды айтсам, «Астананы» таңдағаныма қуаныштымын. Отбасыммен бірге басқа да нұсқаларды қарағанбыз, бірақ «Астананы» таңдадық, себебі команда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнайды. Осы трансфердің болғанына қуаныштымын. Түркиялық клубтар, польшалық «Легия» мен «Лех» қызығушылық танытқан еді, бірақ мен «Астананы» таңдадым, - деді Лулаку.
Айта кетейік, 2016/17 маусымда Лулаку Румыния чемпионатында 20 матч өткізіп, 16 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или