Басктер ауласынан жаман хабар

Басктер ауласынан жаман хабар

Marca-ның хабарлауынша, «Атлетик» Бильбао командасының 21 жасар қорғаушысы Йерай Альварес рак ауруына шалдықты.

«Атлетик» командасының президенті Хосу Уррутиа мен команда докторы Лекуенің айтуынша, Йерай бірнеше күн бұрын оң жақ жұмыртқасы ауыратынын айтқан. Кеше ультрадыбыстық тексерістен өткен. Бүгін бірнеше тексерістерден кейін Альварестен ісік ауруын таптық. Ол ісікті уақытты создыртпай алып тастау керек деген шешімге келдік. Келесі апта Йерайдың оң жақ жұмыртқа ісігіне операция жасалады. Біз операция сәтті өтетініне сенеміз. Ойыншының көңілі мен физикалық түрғысы жақсы. Команда ойыншылары оны үнемі қолдауда.<br />Айта кетейік, Йерай Альварес алғашқы ойынын италиялық «Сассуолоға» қарсы Еуропа лигасында өткізген. Жалпы Йерайдың еншісінде 16 ойын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или