«Милан» қытайлықтарды жерге қаратпады

«Милан» қытайлықтарды жерге қаратпады

23-ші желтоқсан күні Дохадағы «Аль Садд» алаңында Италия суперкубогының финалдық ойынында «Ювентус» және «Милан» командалары кездесті.

Ойынның негізгі уақытында қарыластар тең ойнап, пенальти додасына дейін барды. Пенальтиден сәттілік «Милан» жағында болып, россонери Италия суперкубогының иегері атанды. Ойынның үздік ойыншысы болып Джанлуиджи Доннарумма танылды.<br />Айта кетейік, суперкубок бюджетінен бөлек қытайлық бай кәсіпкерлер «Милан» женген жағдайда клубтың ағымдағы шотына қыруар қаражат аударып беруді уәде еткен.

Матч статистикасы:<br />Төреші: Антонио Дамато (Барлетта). <br />Голдар: Кьеллини, 18 (1:0). Бонавентура, 38 (1:1).<br />Пенальти нәтижесі: Ювентус - Милан (3:4).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или