ҚФФ ҚР Чемпионатын өткізу ережесін бекітті

ҚФФ ҚР Чемпионатын өткізу ережесін бекітті

Бүгін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының өтінішімен ҚФФ Орындаушы комитетінің отырысы өтіп, келесі шешімдер қабылданды: 

1. 2017 жылы өтетін маусымның кәсіпқой футбол клубтары арасында өтетін біріншіліктердің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: 

1.1. ҚР чемпионатының өту форматы бекітілді (12 команда, үш айналым);

1.2.  Бірінші лига командалары арасында өтетін ҚР біріншілігінің өту форматы бекітілді (үш айналым); 

1.3. Чемпионатта ойнауға құқық беретін матч форматы бекітілді (Чемпионатта 10-шы орын алған команда мен Бірінші лигада 3-ші орын алған команда арасында);

1.4. ҚР Кубогының форматы (Екінші лига клубтарының қосылуы, Премьер-Лига мен Бірінші лига (Екінші лига) клубтары арасындағы ойында ойыншылар санын теңестіру, Кубоктағы алғашқы кезеңде алаң иелерін анықтау (Бірінші және екінші лига клубтары); 

1.5.  «Қазақстан футболының түлегі» санатына ҚР азаматтығын алған ойыншылар да кіреді, олар бұл тіркес қолданысқа енгізілген сәтте  (2014 жылдың қараша айы) Қазақстан азаматы болуы және ҚФФ ұйымының футболшысы ретінде тіркелуі тиіс; 

1.6. Екінші құрамның  жас мөлшерін бекіту, «1994 жылы туылған ойыншылардан үлкен емес» деген ережеден «1996 жылы туылған ойыншылардан үлкен емес» ережесіне ауыстыру;

1.7. Чемпионаттағы протоколға  жас мөлшеріне байланысты қатысуы тиіс ойыншыларды көрсету ережесін алып тастау; 

1.8. Аталмыш ойыншаларды «CATAPULT» жүйесімен бағдарда ұстауға рұқсат беру. «CATAPULT» жүйесін қолдануды 2018 жылдан бастап Орындаушы комитет болуы міндетті ереже ретінде қарастырады. 

1.9. Қазақстандық футболдың «түлектері емес» ойыншылар саны Премьер-Лига клубтары арасындағы ҚР Чемпионаты (ойында - 8, алаңда - 6), Бірінші лига ( ойында - 3, алаңда -3) клубтары арасындағы біріншіліктерде өзгеріссіз қалды; 

2. 2017 жылы жасөспірімдер арасындағы біріншіліктің өту жүйесі бекітілді; 

3. УЕФА тарапынан балалар және жасөспірімдер футболын дамыту үшін  берілген қаржының клубтар арасында бөліп беру; 

4. Клубтарды сертификаттау ережесіне өзгерту және толықтыру енгізілді; 

5. Вице-президент қызметі жойылды және Гарибян Рафаэль Эдуардовичтың Орындау комититеті мүшелігінен шығару жайлы шешім қабылданды. 

ҚФФ баспасөз қызметі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или