«Астана» клубы Ибраимиды трансферге қойды

«Астана»  клубы Ибраимиды трансферге қойды

28 жастағы македониялық футболшы Агим Ибраими трансферге қойылды. 

Агим Ибраими астаналық клубқа  өткен маусымның ортасында келген болатын. Жарақатына байланысты алаңға жиі шыға алмады. 

«Агим Ибраими – жоғары дәрежелі футболшы және біздің клубтың құндылықтарын сақтай отырып, ұжымның мүшесі бола алды. Дегенмен, Агим жарақатына байланысты алаңға жиі шыға алмады. Клуб басшылары мен бапкерлер штабының шешімі бойынша футболшыны сатуды жөн көрдік. Агим Ибраимиға футболшы ретінде шағым айтпаймыз. Оған денсаулық және мансабының жоғары өрлеуін тілейміз», - деп «Астана» ФК бас менеджері Саян Хамитжановтың сөзін клубтың баспасөз қызметі жеткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или