Ресми: Оскар «Шанхай Теллэйске» ауысты

Ресми: Оскар «Шанхай Теллэйске» ауысты

«Челсидің» ресми сайты Оскардың қытайлық «Шанхай Теллэйс» клубына трансферін растады. 

«Оскарға жаңа клубта сәттілік тілейміз», -  деп жазды лондондық клубтың ресми сайты.

Оскар «Челсиде» төрт жарым жыл өткізді. Антонио Контенің келуімен бразилиялық футболшы алаңға сирек шыға бастады. 

Англиялық басылымдарының ақпаратына сүйенсек, Оскардың трансфері үшін «Шанхай Теллэйс» 60 миллион фунт стерлинг төледі. Ал ойыншының өзі қытайлық ұжымда жылына 20 миллион (аптасына 400 мың) фунт стерлинг жалақы алады. Мәселен, «Челсиде» Оскардың жалақысы аптасына 90 мың фунт стерлингті құраған.

2720712d5ba6afeedcdcc4779a6fa892.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или