Қазақстан Суперкубогы Алматыда өтеді
Қазақстан футбол Федерациясының кезекті отырысында ел Суперкубогының өту орны анықталды.
Атқару комитетінің шешімі бойынша, Қазақстан Суперкубогы Алматының «Орталық стадионында» өтеді.
Аталмыш матчқа ел чемпионы мен кубок иегері «Астана» және Қазақстан біріншілігі мен кубогының күміс жүлдегері «Қайрат» қатысады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ел Суперкубогын үнемі «Астана Арена» қабылдайтын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или