Кахабер Цхададзе: «Мақсатым - «Қайратпен» Қазақстан чемпионатын жеңу»

Кахабер Цхададзе: «Мақсатым - «Қайратпен» Қазақстан чемпионатын жеңу»

«Қайраттың» грузиялық бас бапкері Кахабер Цхададзе SportUA басылымына берген сұхбатында Украина футболы мен алматылық клуб жайлы айтып берді. 

- Кахабер, сіз Тимощукпен бір жыл жұмыс істедіңіз. Анатолий жайлы пікіріңіз қандай? 

- Мен жас маман емеспін, бірақ тек биыл ғана Тимощук және Аршавин сынды ұлы футболшыларды жаттықтырдым. Басында олармен қиналатын шығармын деген ойлар болған. Алайда мен қателестім, екеуіде нағыз кәсіпқойлар. Айтқан нұсқаудың бәрін орындады. Анатолий - үлгі тұтатын футболшы. Жаттығудан кейін қалып, қосымша еңбек ететін. Тимощук пен Аршавиннің арқасында Алматыдағы «Орталық стадионға» жанкүйерлер жинала бастады.

- Қазақстан кубогының финалдық кездесуін Италия футболының аңызы Паоло Мальдини тамашалағанын жақсы білеміз... 

- Бізге танымал қонақтар жиі келеді. Мәселен, англиялық футболшы Сол Кэмпбелл де Алматыда болды. Біздің базамызды көріп таң қалды, оның айтуынша, мұндай инфрақұрылым тек Еуропаның топ клубтарында бар. Жалпы, «Қайраттың» президенті көптеген белгілі футболшылармен сөйлеседі.  

- Украина футболы жайлы не айта аласыз? Жергілікті клубтардан ұсыныс түссе, келісесіз бе? 

- Украина футболының деңгейі жоғары. Бірақ, мен үшін қазір басты мақсат - бұл «Қайратпен» ел чемпионатын жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу. Украиналық клубтардың өнерін жиі тамашалаймын. Маған донецкілік «Шахтердің» ойыны ұнайды. Украина чемпионатының деңгейі Қазақстандыкінен жоғары болғанымен, «Астана» мен «Қайрат» кез келген украиналық клубқа төтеп бере алады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или