Ауыс-түйіс басталды

Ауыс-түйіс басталды

Қазақстандық клубтар біртіндеп Түркияны бетке алды. Бұл жылдағы үрдіс. Енді олар Наурыз айына дейін сонда болады. Өздеріңіз де оқып жүргендей көптеген футболшылар арлы-берлі команда таңдап сенделіп жүр. Еуропа футболына өте таңсық дүние ғой бұл. Мысалы, биыл "Ақтөбеде" ойнаған 10 ойыншы өзге командаға ауысып кетті. Тура осындай жағдай көптеген командаларда. Тек құрамын сақтап отырған 2-3 команда бар. олардың қатарында "Астана" мен "Қайрат". Қалғанында тұрақтылық жоқ. Футболшылардың өздері де жалықпай ауыса береді. Бір клубта қатарынан 3 маусым ойнаған футболшы қазақстанда клубтың бет әлпетіне айналып кетеді. Мысалы, Финонченко, Жұмасқалиев секілді бірлі жарымдар ғана өз командаларында ойнайды. Солар секілді тұрақты ойыншыларымыз азайды. Кім қанша қаржы берсе, сонда ауыса салады. Клубтардың өзі  де жақсы болсын, жаман болсын футболшылармен 1-ақ жылға келісімге келеді. Неге? 2-3 жылға неге келісім жасауға болмайды. Осы мәселе ел футболында әлі де болса жұмбақ болып қала бермек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или