Жерар Гоу – ҚПЛ-дың үздік шабуылысы
ҚКФЛ-дың баспасөз қызметі Instat компаниясының статистикалық деректерге негізделген талдау қортындысын ұсынды. <br /><br />Компанияның мәліметіне сүйенсек, үздік шабуылшы болып «Кайрат» ойыншысы Жерар Гоу танылды. Бұл есепке барлық көрсеткіштер алынды: голдар саны, нәтижелі пас, соққылар және дәл соққылар саны және тағы да басқа көрсеткіштер. Ивуарлық шабуылшы 29 ойнда (2 353 минут) 22 гол соғып, 5 нәтижелі пас авторы атанған. Чемпионаттағы бүкіл ойынында Жерар қарсыластар қақпасына 96 соққы жасаған, ал оның тең жартысы қақпаға бағытталған дәл соққылар. Айта кетейік, үздік үштікке Джордже Деспотович пен Деслей Уббинк кірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или