ҚПЛ-де 14 команда болғаны дұрыс
21-жетоқсан болуы тиіс отырыс, кейінге қалдырылды. Неге екені белгісіз. Бірақ, бір өзгерістің исі шығады. Байшақов келгелі бері ешқандай өзгеріс болған емес. Алайда, Саян Хамитжанов, Әділбек Жақсыбеков деген кісілер араласып жатып бірдеңе өзгертуі тиіс. Ол ең алдымен легионерлер санын көбейту. Бұл идеяны бүкіл клубтардың басшылары қолдайтыны анық. Себебі, ол сырттандардан тиын-тебен өндіреді. трансферден, әрі жалақыларынан. Ал бізге, жергілікті футболшылардың дамығаны керек. Сонымен қатар, КПЛ-да ойнайтын командалардың санының да кһөбейгені дұрыс. Ол - Ұлттық құрамаға жақсы әсер етер еді. "Тараз" бен "Жетісу" да осыны күтіп отыр. "Жетісу" тіпті бас бапкер қылып Огайды шақырған. Демек, премьер-лигада қаламыз деген ойы да бар секілді. "Тараз" да соңғы үмітпен отыр.
Сосын екінші лига мен бірінші лиганы қосцу туралы мәселе қозғалуы тиіс. Яғни "дубль" мен 1-лига бір чемпионат болады. Және, екі конференцияға бөлінуі тиіс. Әйтпесе, кең байтақ Қазақстан аумағында ары-бері жүріп тұрудың өзі қиямет. Не де болса, қадірменді ағайын, ертең ел футболында көптеген жаңалық болғалы тұр. Бәріне де дайынбыз. Шешімдер қалай болса, сол күйі талқылап, сайт бетіне жариялайтын боламыз.