Испаниялық мамандар «Астананың» ойыншысын мақтады
El Enganche бағдарламасының авторы Хосе Давид Лопес пен Marca журналисі Виктор Ромеро «Валенсияның» Неманья Максимовичті сатып алу мүмкіндігі туралы айтты.
- Бұл шабуылға араласатын тамаша жартылай қорғаушы: ол жақсы жүгіреді, соққысы да жақсы. Анау айтарлықтай жылдам емес шығар, бірақ қарсыластың орта шебін бұзып өтуге шамасы жетеді. Оның ойын стилі қарсыластың айып алаңында жиі болуға мүмкіндік береді, - деді Лопес.
- Ол Сербия жастар құрамасының көшбасшысы болды, бірақ қазір оның болашағын дәл айту қиын. Неманья - алаңды көре алатын, өз деңгейі бар жартылай қорғаушы. Мен оны Дани Парехоның орнын басатын футболшы ретінде көремін. Бұл тамаша блар еді, - дейді Ромеро.
Бұған дейін «Валенсияның» бас бапкеі Чезаре Пранделли клубтың Максимовичке қызығып жатқанын растаған еді. Сондай-ақ, Максимовичтің агенті Владимир Югович «Местальеде» болып, клубтың басшылығымен келіссөз жүргізді.