Энди Вудворд: «Бапкер мені 4 жыл бойы зорлады»
Англия педофилодер отанына айналды.<br />Өткен аптада «Крю Александра», «Бери» және «Шеффилд Юнайтед» клубтарының экс-ойыншысы 43 жастағы Энди Вудворд халық алдында жыныстық зорлық-зомбылық құрбанына айналғанын мойындап, үлкен ерлік жасады.
Вудвордтың айтуынша, ол 11 жасында зорланды. «Мен футбол ойнап жүргенмін, ол маған онымен бірнеше жаттығу өткізуді сұрады. Барлығы бір-екі аймалағанынан басталды, сосын ол мені зорлады. Қанша рет зорлағанын айта алмаймын, бірақ жыныстық зорлық-зомбылық 4 жыл бойы жалғасты», — деді футболшы. <br />BBC-дің хабарлауынша, қазіргі таңда ағылшын футболында 400-ге жуық жасөспірімдер жыныстық зорлық-зомбылық құрбанына айналды. Құрбандардың жасы 4 жастан 20 жасқа дейін.<br />Тергеу барысында полиция 155 күдіктіні анықтады. Айта кететін жайт, тергеу PFA-ге сексуалдық зорлықтан зардап шеккен 20-ға жуық футболшылардың арыздарынан кейін басталды.<br />PFA-ңың басшысы Гордон Тейлорд: «Ойыншылардың айтуынша, бұл жағдай «Блэкпул», «Манчестер Сити», «Сток Сити», «Лидс» және «Ньюкасл» орын алған. Сондықтан жалпыұлттық деңгейде қарастырылады». Естеріңізге сала кетейік, PFA жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған қолдау жасауда.