Жеті ойыншы Камерун құрамасына ойнаудан бас тартты

Жеті ойыншы Камерун құрамасына ойнаудан бас тартты

Daily Mail берген ақпарат бойынша, Камерун құрамасының жеті ойыншысы Африка ұлттары Кубогына қатысудан бас тартқан.

Олар: Ибраим Амаду («Лилль»), Ги Роллан Н'Ди Ассембе («Нанси»), Жоэль Матип («Ливерпуль»), Андре Онана («Аякс»), Аллан Ньом («Вест Бромвич»), Максим Пунджа («Бордо») және Андре-Франк Замбо («Марсель»).

Бас бапкер Хуго Броос қарап қалмай, оларды клубтарында ойнатқызбау үшін дисквалификация берілуін талап етуде. 

Естеріңізге сала кетейін, Африка ұлттары Кубогы 14-ші қаңтар мен 5-ші ақпан аралығында Габонда өтпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или