IAAF Ресейлік спортшылардан осы күнге дейін жеке өтініш алмаған

IAAF Ресейлік спортшылардан осы күнге дейін жеке өтініш алмаған

Халықаралық жеңіл атлетика Федерациясы  (IAAF)  халықаралық жарыстарға қатысу үшін ресейлік спортшылардан әлі өтініш алмаған. Бұл туралы ТАСС ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды. 

1-ші желтоқсан күні IAAF жұмыс тобының басшысы Руне Андерсен ресейлік жеңіл атлеттер халықаралық жарыстарға қатысу үшін жеке өтініш тастауға мүмкіндік алады деген болатын. Сонымен қатар, бүгін Дарья Клишинаның барлық жарысқа жіберілетінін және оның жеке өтініш тастамауына болатыны белгілі болды.

«Халықаралық жеңіл атлетика Федерациясына  осы күнге дейін Ресейден бір өтініш те түскен жоқ», – деп жазады ұйымның баспасөз қызметі. 

Айта кетейін, Олимпиадаға дейін  спортшылардың жіберген жеке өтініші қабылданбаған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или