«Шапекоэнсе» ойыншыларын еске алу үшін Бразилия мен Колумбия матч өткізеді
2017 жылдың 25 қаңтарында Бразилия мен Колумбия құрамалары «Шапекоэнсе» клубының ойыншыларын еске алуға арналған қайырымдылық матчын өткізеді.
Бразилиялық футбол конфедерациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, матч Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық стадионда өтеді. Ал кездесуден түскен қаржы қайтыс болған ойыншылардың туыстарына беріледі. Бразилия құрамасы сапында жергілікті чемпионатта ойнайтындар ғана өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетсек, 30 желтоқсанда «Шапекоэнсе» Оңтүстік америкалық кубоктың алғашқы финалдық матчында колумбиялық «Атлетико Насьональ» командасымен кездесуі керек болған. Медельиннің (Колумбия) аймағында 29 қарашада ұшақ апатқа ұшырап, 71 адам көз жұмды. Бұл ұшақта бразилиялық клубтың ойыншылары мен бапкерлік штабы болған еді.