Гоу: «Құраманың бапкері маған чемпионатты ауыстыруға кеңес берді»
«Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу Afrikipresse.fr порталына берген сұхбатында маусымды қорытындылап, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
«Қазақстан чемпионатында екінші орын алып, Еуропа лигасының іріктеу матчтарында ойнадық. Мен қатарынан екінші жыл чемпионаттың үздік сұрмергені атандым. «Қайратпен» бір жылдық келісім-шартым бар. Басқа клубтардан ұсыныстар түсіп жатыр, бірақ бұл бірінші түскен ұсынысты ұстап алам деген сөз емес. Түрлі нұсқаларды қарастырамын.
Менің арманым - Англияда ойнау. Германияда да инфрақұрылым жақсы.
Сондай-ақ, бала кезімнен өз құрамамда ойнауды армандаймын. Қашан да осы жейдені киіп жүруім керектігін айтатынмын. Жақын арада осы арманым орындалып, өз талантымды дәлелдеймін деп үміттенемін. Қашан да команданың матчтарын қарап, нәтижесін бақылап жүремін. Құраманың қазіргі бапкерімен сөйлескенбіз. Назарда жүруім үшін чемпионатты ауыстыруыма кеңес берді. Бірақ маған бұл туралы айту ерте. Басшылық мені жіберуге дайын емес шығар, себебі менің командадағы орнымды түсінеді. Маған шыдамдылық танытқан жөн. Құдай ештеңені кездейсоқ жасамайды», — деді Гоу.