Твумаси қарақшылардың қанша сома алып кеткенін айтты
«Астананың» шабуылшысы Патрик Твумаси қарулы тонаушылардың қанша соманы алып кеткенін айтты.
«Олар 10 мың доллар мен 40 мың ганалық седи алып кетті. Сондай-ақ, қарақшылар біздің телефондарымыз бен әпкемнің 10 мың долларға жуық ақшасын тартып алды. Олардың үйге сенімді кіргендеріне қарағанда, бізді арнайы нысанаға алған сияқты», - деді Патрик.
Естеріңізге сала кетсек, кеше 19 желтоқсанда Твумасидің Гана астанасында орналасқан үйіне қарулы қарақшылар келіп, тонап кеткен. Патрик пен оның отбасы зақымданған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или