Заңды бұзған «Реалдың» жазасы жеңілдетілді

Заңды бұзған «Реалдың» жазасы жеңілдетілді

Marca басылымының хабарлауынша, Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік жасайтын сот (СAS) мадридтік «Реалдың» шағымын қайта қарап, өтініштерін қанағаттандырды. 

«Патшалық клуб» 2017 жылдың жазғы мауысым кезеңінен бастап жаңа ойыншыларын қатарына қоса алады. CAS мадридтік ұжымға қарсы шектеуін бір мауысым кезеңіне қысқартты. Яғни, бастапқы жазалау мерзімі 2018 жылдың қаңтар айына дейін болатын. Айта кетейік, ФИФА жазалауына ұшыраған командалар қатарында «Реалдан» өзге мадридтік команда «Атлетико» да бар. Қос клуб қыркүйек айында ойыншы сатып алуда ФИФА ережелерін сақтанбағаны үшін жазаланған еді. Олар 18 жасқа жетпеген ойыншыларды командаға қосу кезінде заңға қарсы әрекеттерге барған. <br /><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или