«Астана» Румыния чемпионатының үздік бомбардирін сатып алмақшы
Футболдан Албания құрамасы мен румыниялық «Газ Метанның» шабуылшысы Аздрен Лулаку «Астанаға» ауысуға жақын.
Бұл туралы DailyNews басылымы хабарлады.
Лулаку қазіргі таңда 16 голмен Румыния чемпионатының сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді. <br /><br />Қысқы трансферлік маусымда Лулаку басқа командаға ауыспақшы. Албаниялық шабуылшыға бухаресттік «Стяуа» мен «Динамо», польшалық «Легия» мен «Лех» және болгариялық «Левски» қызығуда. Бірақ қаржылық тұрғыда ең ұтымды ұсынысты елордалық «Астана» жасады. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или