«Барселона» Мессидің жалақысын көтере ме?

«Барселона» Мессидің жалақысын көтере ме?

RMC Sport басылымының хабарлауынша, каталониялық «Барселона» аргентиналық  Лионель Мессиге футбол тарихындағы ең көп жалақы ұсынды. Айтып өтетін жайт, Месси қазір жылына 20 миллион еуро алады, ал португалиялық Криштиану Роналду келісімшартын ұзартқаннан кейін жылына 23 миллион жалақы алуда. Карлос Тевеске қытайлық «Шанхай Шеньхуа» жылына 30 миллион фунт стерлинг ұсынды. Мессиге жоспарланған жалақы жылына 35 миллион еуроны құрайды. <br /><br />Хосеп Мария Бартомеу: «Месси футбол тарихындағы ең үздік ойыншы, біз оның командада қалуын қалаймыз. Онымен жасалтын болашақ келісімшарт жақсы жағына қарай өзгертіледі. Қазір дәлме-дәл сан жайлы айтқым келмейді. Алайда Мессидей үздік ойыншыға сай болатынына кепілдік беремін».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или