Атақты мексикалық футболшы аштық жариялады
Reuters басылымының хабарлауынша, Мексика құрамасының әйгілі шабуылшысы Куатемок Бланко сенбі күні мерзімсіз аштық жариялады.
2015 жылдан бері Бланко Куэрнавака қаласының мэры лауазымын атқарып келеді. Бланконың саяси қарсыластары оған сенімсіздік танытуда. Саяси оппозиционерлердің ойынша, 43 жасар экс-ойыншының 350 мың халқы бар қаланы басқаруға тәжірибесі жетпейді. Олар Морелос штатының Жоғарғы сотына Куатемоктың басқаруына қарсы импичмент ұсынған. Ал Сот шешімі 2017 жылдың қаңтар айында белгілі болады. <br />Куатемок Бланко: «Олардың істегені дұрыс емес. Жариялаған аштығым шексіз болады».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или