Манолев «Астананың» жаңа ойыншысы?

Манолев «Астананың» жаңа ойыншысы?

Футболдан Болгария құрамасы мен софиялық ЦСКА-ның қорғаушысы Станислав Манолев «Астанаға» ауысуы мүмкін. 

Бұл туралы елордалық клубтың бас бапкері Станимир Стойлов айтты. 

- Манолев тәжірибесі мол, «Астананың» намысын қорғауға лайық ойыншы. Бірақ біз Еуропада ойнамаймыз. Тек соңғы екі жылда ғана Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдеріне шықтық. «Астана» - жас команда, бізге әлі де көп еңбек ету керек. Клуб саясаты - тек жас талантты ойыншыларды алу. Ал Манолевтің жасы 31-де. Соған қарамастан, Станислав бізге өз пайдасын тигізер еді, - деді болгариялық маман. 

Естеріңізге сала кетсек, Станислав Манолев бұған дейін ресейлік «Динамо», «Кубань», голландиялық ПСВ, англиялық «Фулхэм» және болгариялық «Пирин» мен «Литексте» өнер көрсеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или