Ресейлік клубтар елшісі қаза болған соң Түркияда жиын өткізбеуі мүмкін

Ресейлік клубтар елшісі қаза болған соң Түркияда жиын өткізбеуі мүмкін

РФПЛ-дің қауіпсіздік бойынша директоры Александр Мейтин клубтардың қысқы жиындарды Түркияда өткізбеуі мүмкін екенін айтты.

«Лига да, клубтар да Түркияда жиын өткізуден бас тартады деп ойлаймын. Ертең көбірек ақпарат болатын шығар. Бұл Ресейлік футбол одағы атқарушы комитетінің күн тәртібінде тұрған жоқ, бірақ комитеттің кез келген мүшесі осы мәселені қарастыруды сұрай алады», - деді Мейтин.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов Анкарада Заманауи өнер галереясында оққа ұшқан болатын. Кейін белгілі болғандай, ресейлікке оқ атқан олиция офицері Мевлют Мерт Алтынаш болып шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или