Димитри Пайет: «Роналдудың есімін атауға тыйым салғаным әзіл ғана болды»

Димитри Пайет: «Роналдудың есімін атауға тыйым салғаным әзіл ғана болды»

«Вест Хэм» мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Димитри Пайет өз балаларына Криштиану Роналдудың есімін атауға тыйым салғанын әзіл ретінде айтқанын мәлім етті.

«Бұл қалжың болатын, бірақ ол үлкен шу шығарды. Мұны айқындауымыз керек. Маған, тіпті, әлеуметтік желілерде португалиялықтар қонақ-лоқы да көрсетті.

Роналдуға қарсы дәнемем де жоқ. Роналду туралы бір ғана айтарым – ол менің отанымда трофей жеңіп алды.

Бұл түсініспеушілік менің Роналдуды финалда жарақаттап тастағанымнан соң болды деп ойлаймын.

Менің балаларым Мессиді, Неймарды, Роналдуды жақсы көреді. Олар әлемнің үздік ойыншылары, сондықтан мұнда таңғаларлық ештеңе жоқ», - деді Пайет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или