Патрик Твумаси қарулы шабуылдың құрбанына айналды
«Астананың» шабуылшысы Патрик Твумаси Гананың астанасы Аккра қаласында қарулы шабуылдың құрбаны болды, деп хабарлайды Ghana Sports Online.<br /><br />22 жастағы футболшы мейрам кезінде отанына оралған. Қарулы адамдар Твумасидың үйіне баса-көктеп кірген. Футболшының айтуы бойынша, ұрылар тапаншамен қорқытып, үйдегі бағалы заттар мен ақшаны алып кеткен. Қазіргі күні полиция ұрлық жасау ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.
«Осы ұрлықтан кейін менің отбасым аман қалғаны үшін Құдайға алғысым шексіз. Мен бұл жағдайға қуанбаймын. Бірақ, менің отбасым дін аман. Шабуыл жасағандар ақша мен бағалы заттарды алып кетті. Дегенмен біз тіріміз. Бұл бәрінен қымбат», - деп жазды Твумаси әлеуметтік желідегі парақшасында. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или