Қытайлық клуб Тевесті әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшыға айналдыруы мүмкін

Қытайлық клуб Тевесті әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшыға айналдыруы мүмкін
«Бока Хуниорстың» шабуылшысы Карлос Тевес қытайлық  «Шанхай Шеньхуа» клубына ауысқаннан кейін әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшыға айналады, деп жазады The Daily Mail. 
 
Аргентиналық клуб футболшының трансфері жақын күндері аяқталатынын растады. Әзірге келісім бағасы жарияланбады. 
Басылымның берген ақпараты бойынша, Тевес аптасына 615 мың фунт стерлинг табыс көрмек. 
Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін рекордты жалақы Тевестің отандасы Эсекиэль Лавессиге тиесілі еді. Ол аптасына 577 мың евро алады. <br /><br />
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или