Шиучи Тамура: «Криштиану алтын доп иегері атағына лайық емес»
Шиучи Тамура жиырма жыл бойы «Алтын допқа» лайықты футболшыға дауыс беру міндеттемесін орындап келеді. Ол Жапониядағы ең құрметті журналистердің бірі. <br /> Marca басылымына берген сұхбатында Тамура: Он жыл бойы «Алтын доп» атағына тек екі адамның таласуы тарихта болмаған нәрсе. Оған себеп, ФИФА-ның дауыс беру жүйесі. Дауыс беру нәтижесі даусымызға сәйкес келмейді. Мысалы, 2010 жылы дауысымды Иньестаға, ал 2013 жылы Мессиге емес Рибериге берген едім. Қалай болса да Криштиану Роналду мен Лионель Месси қазіргі таңда футбол патшалары, алайда мен оларды Ди Стефано, Кройф, Пеле немесе Марадоннадан мықты деп санамаймын. Екеуі де ары кетсе солар қатарлы ойыншы. Жақында Криштиану Роналду өзінің төртінші «Алтын добын» иемденді. Бірақ менің ойымша ол Луис Суарестікі болуы тиіс еді. Командалық жетістіктері бойынша 2016 жылдың үздігі сөзсіз Роналду болды, алайда жеке шеберлігі бойынша ол түкте көрсетпеді. Әлемнің үздік ойыншысы атанғандықтан, үлгілі ойын, жеке шеберлік көрсету абзал. Көзіме осы жылы Бэйл, Гризман, Суарес сияқты қас шеберлер түсті. Атап айтқанда, Луис биыл Копа Америкаға қатыспағанымен Ла Лиганы, Испания кубогын, Суперкубокты және Пиччи трофейін ұтып қана қоймай жеке шеберлігімен көзге түсті. Роналду 2016 жылдың үздігі емес. Мен Криштианудың Португалиямен жеткен жетістігіне қуанамын, бірақ үздік адам финалда да бізді жеке тұлға ретінде тәнті қылмады. Менің ойымша, Мессидің де Криштианудың да жасы келіп қалды, сол себепті бұл тенденция құлап, 1-2 жылдың ішінде жаңа жұлдыз пайда болатынына сенімдімін.