БАҚ Лига. Екінші тур ойындары тәмам
Алматыда өтіп жатқан БАҚ Лиганың екінші тур ойындары аяқталды.
«Қаламгер» - СДУ
«Қаламгер» алғашқы минуттарда белсенділік танытып, есепте алға шықты. Ойынның бесінші минутында гол соғып, он минуттан астам уақыт басымдықты ұстап тұрды. Дегенмен, СДУ жігіттері жігер танытып, есепті теңестіріп қана қоймай, алға шыққан болатын. Бірақ, ойынның соңында «Қаламгер» тағы бір гол соғып, екі команда да бір ұпайдан еншіледі.
«Қаламгер» - СДУ - 2:2
Голдар: Қасымберкебаев 5, 37 - Ханафия 18, 32
Ескерту: Сабденалиев (СДУ), А. Сейітхан («Қаламгер»)
«Эффектив Медиа» - «Болашақ»
Бұл матч тартысқа толы болды. Алаңнан ойыншы қуылып, матч ортасына дейін жеңімпаз анықталмаған болатын. Дегенмен, қарсыластардың қателігін тиімді пайдаланған «Болашақ» командасы 30-шы минуттарда бірнеше гол соғып, үш ұпайды еншіледі.
«Эффектив Медиа» - «Болашақ» - 1:5
Голдар: Н. Қарабалин 15, Нүрпейісов (автогол) 23' - Дархан Бабамұрат 10, Б. Әділет 32, Ж. Мақсат 33, Н. Жұмабайұлы 37
Ескерту: Нүрпейісов ( «Эффектив Медиа»)
Қызыл қағаз: Дархан Бабамұрат («Болашақ»)
«Ұлттық арна» - «Алматы»
«Алматы» командасы екінші матч қатарынан көп гол соға алатынын көрсетті. Бірінші турда жеті гол соққан команда, осы турда сегіз бірдей допты қақпада тулатты. «Ұлттық арна» жігіттері жұбаныш голын соққанымен, қарсылас команданы қуып жете алмады. Есеп - 1:8. Ойын «Алматының» пайдасына шешілді.
«Ұлттық арна» - «Алматы» - 1:8
Голдар: Т. Мәулен 18 - Д. Келбетов 2, 7, 10, 15, 20, 40; Әшімбетов 25; Көжебаев 38