«Шапекоэнсе» футбол клубының тірі қалған ойыншысы алаңға оралады
Колумбияда ұшақ апатынан кейін аман қалған футболшы Алан Рушел қазір емделуде.
<br />- Футболға оралу үшін қолдан келгеннің бәрін істеймін, - деп ойыншының сөзін келтірді Goal. - Бел омыртқадан жарақат алғанмын. Дегенмен, үш айда ол жазылады деді дәрігерлер. Сосын бапқа келу үшін тағы үш ай керек болады. Кейін қайтадан «Шапекоэнсе» жейдесін киіп шығамын.
Еске салайын, төтенше жағдай салдарынан 71 адам қаза тапты, алты кісі тірі қалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или