Қуат Хамитов ресейлік промоушендегі алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады
Қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов ресейлік Fight Nights Global промоушендегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
Мәскеудегі Fight Nights Global 57 турнирінде ол ресейлік Гаджи Рабановпен күш сынасқан. Хамитов үшінші раундта қарсыласына тұншықтыру әдісін пайдаланып, жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекті UFC спортшысы Хабиб Нурмогамедов тамашалады.
28 жастағы «Найман» өз мансабынды 25 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сын жеңіспен аяқтаған. Төртеуінде жеңіліп қалса, тағы бір кездесуде тең түсті. Ол APFC (Қазақстан) ұйымының және қытайлық WBK ұйымының чемпионы саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или