Бербатов "Астанаға" ауысуы мүмкін бе?
Болгариялық шабуылшы Димитар Бербатов "Астана" сапына ауысатын болды деген ақпарат осыдан 2 жыл бұрын пайда болған. Одан кейін өткен жылы қыста да жылт ете қалған. Бұл әңгіменің әр жерден бір бас көтеріп жүргенінің себебі де бар. "Астана" командасына ең алдымен жоғарғы деңгейдің шабуылшысы керек. Екіншіден клуб басшылары ұжым атын еуропаға таныстырып алу үшін осындай маркетингтік қадам жасағысы келеді. Мысалы, "Қайрат" деген команданы қазір бүкіл ресей біледі. Одан бөлек, жақын аймақтағы Еуропа біледі. Себебі, Тимощук пен Аршавин сондай дәрежеге жеткізді. Осы үлгіні "Астана" да қабыл алса ше?
Болгария құрамасының бас бапкері болған Станимир Стойлов тура сол шақта Димитар Бербатовпен әріптес болды. Яғни, бұл шабуылшы оның қол астында өнер көрсетті. Өткен маусымды ПАОК сапында өткізген ол қазір келісімшарты аяқталып, бос жүр. Еркін агент. "Футбол на Куличках" сайтының жазуы бойынша атақты шабуылшы жақын арада өзінің бұрынғы клубы "Манчестер Юнайтед" базасына келіп, сонда әзірге жаттығу жасай тұруды өтініпті. Ал "қызыл сойқандардың" бапкері Жозе Моуриньо оған рұқсат беріпті. Клуб іздеп жүрген болгариялық түрлі нұсқалар қарастыруда. Еуропаның бір ортаңқол клубы оған дөйт келейін деп тұр. Себебі, футболшының жасы қазір 35-те.