Спорт басқармасының басшысы парамен ұсталды

Спорт басқармасының басшысы парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облыстық департаменті дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тимур Шаяхметовты қолға түсірді, деп хабарлайды КТК.

Ол қол астындағы бөлім бастығы Ақжан Ишановпен ауыз жаласып, Орал қаласындағы 10-нан астам спорт мектептерінің бапкерлерінен оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаржыны тұрақты түрде алып отырған. Қараша мен желтоқсан айында Шаяхметов пен Ишанов 1,5 миллион теңге пара алған екен. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или