Димитров өз елінде 540 мың долларға үй тұрғызды
Керекулік «Ертіс» клубының бас бапкері Димитар Димитров өзінің туған жері Болгарияның Бургас ауданында үй тұрғызды. Бұл туралы Болгарияның «Матрица» басылымы жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

Мамандардың бағалауы бойынша, тұрғын үй жер телімін қоса есептегенде 1 миллион болгариялық левке (540 мың доллар) тең. Димитар Димитров жаңа үйіне шетелдегі келісім шарты аяқталып, Болгарияға оралған кезде тұрмақшы.
Димитров – Болгариядағы ең қымбат әрі сұранысқа ие бапкерлердің бірі. «Литекс» командасында жұмыс істеп жүргенде айына 200 мың доллар жалақы алатын. Ал «Левски», «Локомотив» (Пловдив) клубтары одан көп төледі.
Соңғы жылы Димитар Димитров «Ертіс» клубында қызмет атқарып жүр. Жақында облыс әкімі «Құрметті азамат» атағын берді.
Айта кетейік, бұған дейін Димитровтың отандасы, «Астананың» бапкері Станимир Стойлов 10 миллион евроға футбол академиясын салып жатқаны хабарланған болатын.