«Амстердам Арена» Иохан Кройф атына берілуі мүмкін
Голландия ұлттық құрамасы мен "Аякс" командаларының стадионы "Амстердам Арена" есімі өзгеруі мүмкін. Стадионға Нидерланды футболының тарихындағы даңқты тұлға Иохан Кройфтың есімі берілмекші. "Алтын допты" үш рет алған голландиялық шабуылшы "Барселона" сапында жемісті өнер көрсетті.
1974 жылы Кройфтың арқасында "Барселона" 15 жылдан кейін чемпиондық атаққа жетті. Сол жылғы Әлем чемпионатында шабуылшы Нидерланды құрамасымен күміс жүлдегер атанды. Ал 1976-жылы Еуропаның қола жүлдесін жеңді. 1987-жылы бапкер ретінде өзінің туған командасы "Аякспен" Уефа кубогын ұтты. 1992-жылы Еуропа чемпиондарының кубогында топ жарды. Сосын "Барселона" бапкері болып 1991-1994-жылдары аралығында 4 рет қатарынан Испания чемпионы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или