Анатолий Тимощук өз жоспарларымен бөлісті

Анатолий Тимощук өз жоспарларымен бөлісті

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук украиналық «Спорт» порталына берген сұхбатында болашағы туралы сөз қозғады.

- Ресейлік БАҚ сізді Мирча Луческудің көмекшісі ретінде «Зенитке» барады деп жатыр... Осы ақпарат туралы пікіріңізді айта аласыз ба?

- Мистермен қаым-қатынасымыз жақсы. Мүмкіндік болғанда, хабарласып, кездесіп, кешкі ас ішеміз. Бұл «Шахтер» кезінен бері қалған байланыс. Меніңше, Луческуге клубта, қалада, жанкүйерлер арасында не болып жатқаны туралы ақпарат керек. Мен әлі шешім қабылдаған жоқпын, бірақ ұсыныс бар.

- Яғни, Анатолий Тимощук мансабын жалғастыратындай күшін сезіне ме?

- Иә, сезінеді (күліп). Бірақ жалғастыра ма - ол белгісіз.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или