«Барселона» арабтармен ойнады
Испан футболының екі мықтысы Азияда жүр. Мадридтің "Реалы" Жапония астанасы Токиода клубтар арасындағы Әлем чемпионатына қатысса, "Барселона" Катарға ат басын бұрды. Каталония командасының негізгі демеушісі араб мемлекеті екені белгілі. Сондықтан, қаржымен жарылқап отырған қожайынның тілегін қабыл алған "Барселона" Сауд Арабиясының "Ал-Ахли" командасымен Катарда жолдастық кездесу өткізді. Алғашқы таймда Суарес, Месси, Неймар үштігі бір-бір голдан соқса, үзілістен кейін Пако Алькасер мен Рафинья мергендік танытты. "Ал-Ахли" сапынан Абдурахман мен Ассери көзге түсіп, үш доппен жауап қатты. Қорытынды есеп: 5:3.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или