Вамос, Рамос!

Вамос, Рамос!

Соңғы минуттарда гол соғу деген футболшы үшін ең бақытты дүние. Әсіресе, командаға сол гол маңызды болса. Тең ойын 90 минут жалғасып, соңғы секундта гол соқсаң онда күллі команда, тіпті барша жанкүйерлер сені ғана мадақтап өтер. Сондай ойыншылардың бірі Серхио Рамос. Мадридтік "Реал" үшін бұл ойыншы нағыз құтқарушыға айналды. Қаншама матчты құтқарып қалған Серхио шабуылшы емес, тек орталық қорғаушы. Мұндай футболшылар әлемдік тарихта қаншау еді?

Олар әрине көп емес. Біз білетін құтқарушылар қатарына "Манчестер Юнайтедтің" 2 ойыншысы еске түседі. Ол алдымен Олле-Гуннар Солскьяер. Норвегиялық шабуылшы жас кезінде соңғы минуттарда гол соғып, біраз дүркіреді. Әлемдік футбол білетін аңыз матчты еске түсірейік. 1998/99 жылғы Чемпиондар лигасының финалы. "Ноу Камп" стадионы. 660 минуттарда бір доп соққан "Бавария" бір аяғымен кубок иегері атанып тұр еді. Алайда, алаңға алмасып кірген норвегиялық жас шабуылшы Сэр Алекстің сенімін ақтады. Ол кіре салып 2 голдың соғылуына септігін тигізді. Алдымен оның соққысын Тедди Шеринген қақпаға бағыттап жіберді. Бұл матчтың 90 минуты болатын. Ал одан кейін Бэкхэм көтерген бұрыштама добы Шерингемнің басына келеді. Соққысы әлсіз болған ағылшын шабуылшысының добы тура Солскьяердің ая,ына дәл келді. Ол есепті 2:1 қылды. Сулшер осы ойынның арқасында күллі "Манчестер Юнайтед" жанкүйерлеріне "құтқарушы" болып кетті. Кейіннен Алекс Фергюссон өз автобиографиясында "Тозақтан келген адам" деген арнайы тарау қойып, Сулшер жайлы сөз қозғады. Қазір бұл ардагер "Мольде" командасының бас бапкері. 

Ал екінші ойыншы ол - Хавьер Эрнандес "Чичарито". Мексикалық шабуылшы "МЮді" талай қиын жағдайдан құтқарды. Фергюсонның соңғы маусымында "Чичарито" ойынның 60 минутында алаңға алмасып енді. "Астон Вилламен" кездесіп жатқан "манкуняндықтар" осы кезде 2-0 есебімен жеңіліп жатқан еді.  Әріптестерінің пастарын голға айналдыра берген мексикалық жас пері хет-трик авторы атанып, "МЮға" жеңіс сыйлады. 

Олардың барлығы шабуылшы болса, Рамос қорғаушы. Ол "Барселонамен" өткен 2 ойында "Реалды" құтқарып қалды. Оның ең алғашқы соңғы минутта соққан голы огсыдан 10 жыл бұрын тіркелді. "Малага" қақпасына баспен гол соққан Рамосқа сол кезде пасты кім берді дейсіздер ғой? Қазіргі бапкер - Зинедин Зидан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или